Автобус апатынан екі аяғынан айырылған қыз протезбен жүруді үйрене бастады

Астанадағы автобус апатынан кейін екі аяғынан айырылған Алуа Бекен протезбен жүруді үйрене бастады, деп хабарлайды Makim.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Оның видеосы әлеуметтік желідегі парақшасында жария болды. Кадрларда 8 жастағы Алуаның бар күшін салып, қайта жүруді үйреніп жатқаны көрінеді.
Баламен жұмыс істеген мамандардың айтуынша, Алуа алғашқы күндердегідей емес, қазір жиі күлімдеп, айналасындағы адамдармен еркін араласа бастаған. Оның эмоционалдық тұрақтылығы артып, өзіне сенімі күшейген.
Естеріңізге салайық, Астанада 2 маусым күні жолаушылар автобусы Республика даңғылымен келе жатып, жол жиегіндегі бағанға соғылған. Жол апаты салдарынан 15 адам ауруханаға түскен, оның ішінде алтауы – бала. Ауыр жарақат алған сегіз жасар қыз бала екі бірдей аяғынан айырылды. Зардап шеккен қыз бауырларымен бірге Астанаға қыдырып келген. Көпбалалы отбасы Ақмола облысындағы ауылда тұрады.
9 маусым күні елорда әкімдігі зардап шеккен баланың отбасына қаладағы жаңа тұрғын үй кешенінен төрт бөлмелі пәтердің сертификатын табыстады.
Фото: видеодан скрин