457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Базар мен құрылыстағы 1,7 мыңнан астам мигрант елден шығарылды

Қазақстанда базарлар мен құрылыс нысандары тексерілді

Қазақстанда базарлар мен құрылыс нысандары тексеріліп, 1,7 мыңнан астам заңсыз мигрант елден шығарылды, деп хабарлайды Malim.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бірнеше күн ішінде Қазақстаннан заңсыз еңбек етіп жүрген 1 700-ден астам шетелдік азамат шығарылды.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бұл деректер 2025 жылғы 13–17 қазан аралығында өткен «Нелегал-2025» жедел-профилактикалық шарасының екінші кезеңі барысында анықталған.

Барлығы – 13 061 заңбұзушылық тіркелген. 9 595 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 1 770 адам ел аумағынан шығарылды, 2 759 қазақстандық азамат көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тартылды, 707 жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін шара қолданылды.

Сонымен қатар 33 қылмыстық іс — мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өтуге, 394 іс — заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға, 395 іс — шетелдік жұмыс күшін бірнеше рет заңсыз пайдалануға қатысты қозғалған.

Жалпы, тексеріс барысында 30 мыңнан астам шетелдік пен азаматтығы жоқ адам, сондай-ақ 2 мыңнан астам нысан (құрылыс алаңдары, базарлар, шаруа қожалықтары және жеке үйлер) қамтылды.

Фото: Polisia.kz