457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандықтар кредит алудан жаппай бас тартып жатыр

Қазақстанда 4 миллионнан астам адам ерікті түрде кредит алудан бас тарту мүмкіндігін пайдаланды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қазіргі таңда шамамен үш миллион азаматтың белсенді ерікті түрде кредит алудан бас тарту статусы бар. Жалпы алғанда, әр кезеңде бұл мүмкіндікті 4,5 миллионға жуық қазақстандық пайдаланған.

«Бұл шара өте тиімді. Егер біреудің атына алаяқтық жолмен кредит рәсімделсе, ал ол азаматтың ерікті түрде бас тарту статусы тұрса, қаржы ұйымы сотқа жеткізбей-ақ сол кредитті есептен шығаруға міндетті. (...) Яғни адамның жеке деректері ұрланып, оның келісімінсіз кредит рәсімделген жағдайда да міндетті түрде жойылады. Бұл норма заңда нақты жазылған және қазірдің өзінде қолданыста», – деді Мәдина Әбілқасымова Мәжіліс кулуарында өткен банктер мен банк қызметі туралы заң жобасының таныстырылымында.

Фото: pixabay.com