457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстанда ипотека шарттары өзгеріссіз қалады

Агенттік пен Ұлттық банк ЖТШС есептеу әдістемесінің жаңа үлгісін әзірлеп жатыр.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық банкпен бірлесіп, ипотекалық несиелер бойынша сыйақының жылдық тиімді шекті мөлшерлемесін (ЖТШС) 25% деңгейінде сақтау мерзімін 2026 жылғы 1 шілдеге дейін ұзарту туралы қаулы жобасын дайындап жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Агенттіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұған дейін жоспарланған ЖТШС шегін 20%-ға дейін төмендетуді уақытша тоқтату туралы шешім қазіргі макроэкономикалық жағдайды және банк секторының тұрақтылығын сақтау қажеттілігін ескере отырып, ипотека құнын реттеуде теңгерімді тәсілді қамтамасыз ету үшін қабылданған.

Ведомство мәліметінше, қазіргі таңда Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі 18% деңгейінде тұр және оның жоғары деңгейде сақталуы инфляцияны тежеу шараларымен байланысты. Ал мұндай жағдайда шекті мөлшерлемені төмендету ипотекалық бағдарламалардың қысқаруына әкелуі мүмкін екенін реттеушілер атап өтті.

Сонымен қатар Агенттік пен Ұлттық банк ЖТШС есептеу әдістемесінің жаңа үлгісін әзірлеп жатыр. Онда негізгі параметр – кепілмен қамтамасыз ету коэффициенті (Loan-to-Value, LTV) ескеріледі. Бұл тәсіл қарыз алушының бастапқы жарнасы мен тәуекел деңгейіне қарай пайыздық мөлшерлемелерді саралауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ ведомство екінші деңгейлі банктердің жаңа ипотекалық өнімдер енгізу және тұрғын үй несиесі нарығындағы бәсекелестікті арттыру мүмкіндіктерін кеңейту бағытында шаралар әзірлеп жатқанын хабарлады.

"ЖТШС-ті төмендету нормасын тоқтата тұру — бұл уақытша шара. Ол ипотекалық несиелеудің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және тәуекелге бағытталған жаңа есептеу тәсіліне біртіндеп көшуге бағытталған", - делінген Агенттік хабарламасында.

Фото: pixabay