Шотында 2 миллион теңгеден астам ақша айналымы бар қазақстандықтар тексеріледі

Шотында 2 миллион теңгеден астам ақша айналымы бар азаматтар салық тексеруіне ілігуі мүмкін, деп хабарлайды Malim.kz stan.kz-ке сілтеме жасап.
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұловтың айтуынша, жеке тұлғалардың банк шоттарындағы ақша қозғалысы туралы деректер салық органдарына тек белгілі бір жағдайда ғана беріледі.
Атап айтқанда:
егер адамның шотына әртүрлі тұлғалардан 100-ден астам ақша аударымы түссе;
немесе шоттағы жалпы айналым 2 миллион теңгеден асып кетсе.
«Бұл талаптар орындалмаған жағдайда жеке тұлғалар туралы ақпарат салық органдарына берілмейді», – деді Берік Шолпанқұлов.
Фото: inszyby.com