457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Банктер ипотекалық несиеден неліктен жиі бас тартады?

10-15 жылға 20 пайызбен несие алғанда артық төлемі өте қомақты болады

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов екінші деңгейлі банктердің ипотекалық несие беруден неліктен жиі бас тартатынын айтты.

Сыйақының шекті жылдық тиімді мөлшерлемесі деген түсінік бар. Бұл — Ұлттық банк пен агенттіктің (Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі) бірлескен шешімімен қабылданатын арнаулы құрал. Қаржы ұйымдары белгіленген шектен жоғары мөлшерлемемен несие бере алмайды. Тәуекелдер теңгерімін, қаржылық тұрақтылықты және тұтынушылардың құқығын қорғауды ескере отырып, біз ипотекалық займдар бойынша мөлшерлеме 20 пайыздан аспауы тиіс деген бірлескен шешім қабылдадық. Өйткені, 20 пайыздан жоғары ипотека — бұл ауыртпалық. Адам 10-15 жылға 20 пайызбен несие алғанда артық төлемі өте қомақты болады, — деп түсіндірді Ұлттық банк басшысы БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Ол Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерге тұрғындарға ипотека беруді тоқтату туралы тапсырма бермегенін атап өтті.

— Бізде нарықтық экономика. Сондықтан банктер мұндай тапсырма алуы мүмкін емес. Банктердің өздері-ақ мұндай жоғары мөлшерлемемен берілген ипотека қарыз алушының төлем жасай алмай қалуына алып келетінін түсінетін сияқты. Осы тәуекелге байланысты олар барынша сақтықпен шешім қабылдайды, — деді Тимур Сүлейменов.

Осы орайда Ұлттық банк төрағасы азаматтарға «Отбасы» банк бағдарламасын қарастыруға кеңес береді.

Егер қарапайым сөзбен айтар болсақ, мөлшермесі 20 пайыздан асатын ипотека — бұл өте ауыр құрал. Оған үлкен жауапкершілікпен қараған жөн. Сол себепті мөлшерлеме әзірше жоғары болып тұрған кезде ең дұрысы тұрақты жұмыс істеп тұрған «Отбасы» банк құралдарын пайдаланған жөн сияқты. Оның портфелі өсіп, цифрландыру қарқынды дамып келеді. Ашық бағалау жүргізіледі әрі өнімдері де бәріне қолжетімді. Мұнан бөлек, орталық та, өңірлік те деңгейден өзге де бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр, - деді Тимур Сүлейменов.

Фото: Inbusiness