457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

1,6 миллионнан астам адам несиесін төлей алмай жүр

Астананың өзінде 116 мың 189 азамат несиесі өтей алмай отыр

90 күннен асқан несиесін өтей алмай жүрген азаматтардың саны 1 млн 600 мыңнан асып отыр.

Қаржы нарығын реттеу агенттігінің ақпараты бойынша, биылғы басты мақсат — несиесін өтей алмай жүрген азаматтарды толық заңгерлік сүйемелдеп, кеңес беріп, қолдау. Астана қаласы бойынша 116 мың 189 азамат несиесін 90 күннен асса да өтей алмай отыр. Осы орайда астаналық берешек азаматтардың 30 пайызын қамтып, қолдау көрсетсек деген меже қойып отырмыз, — деді «Қарызсыз қоғам» жобасының Астана қаласы бойынша менторы Дулат Мыңбаев Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Ментор келтірген мәліметке сүйенсек, бүгінде 15 972 астаналық қаржылық сауатты арттыру курсынан өтті. 

Фото: Kazinform/ Canva