Атауы жау елдерді еске салады. Копейка Украинада жыл аяғына дейін жойылуы мүмкін.

IMAGE: oboz.ua
Украинаның уақ тиындары - копейкалар жыл аяғына дейін айналымнан шығарылуы мүмкін. Бұл туралы finance.ua жазыпты.
Жаңа бақырлар енді шаг деп - байырғы тілде аталуы мүмкін.
Жаңа заң жобасының авторлары копейкадан бас тартудың себебі ретінде оның Украинаға жау елдерде ғана қалғанын айтыпты. Кеңестер Одағы құлаған соң копейка Ресейде, Беларуста және Молдованың Приднестровье жерінде қалыпты. Сонымен бірге, бұл қадамды десоветизация әрекеті деп жазыпты авторлар.
Биылдың аяғына дейін номиналы 50 шаг 20 млн тиын басылмақшы. Ал қазір айналымда 1,4 млрд дана 50 копеек бар екен.