457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Виктор Орбан Украинаның егемендігіне күмән келтірді

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан венгриялық дрондардың Украина әуе кеңістігін бұзуы мүмкін деген болжамды төмен бағалады, деп хабарлайды Malim.kz euronews-ке сілтеме жасап.

Орбанның айтуынша, егер дрон Венгриядан шығып, Украина аумағына кіріп кетсе де, Киев шығыстан — Ресейден ұшып келетін дрондарға қарсы күресуі тиіс.

Жұма күні Украина президенті Владимир Зеленский Венгриядан шыққан барлау дроны Закарпат облысындағы өнеркәсіптік нысандардың үстінен ұшып өтіп, Украина әуе кеңістігін бұзды деп мәлімдеген еді.

Бұған дейін Венгрияның сыртқы істер министрі Петер Сийярто Украина айтқан айыптарды жоққа шығарған, алайда Орбан бұл оқиғаны теріске шығармады.

«Мен министрлеріме сенемін, бірақ, айталық, ол расымен де бірнеше метрге ұшып өтті делік. Сонда не? Украина тәуелсіз ел емес. Украина егемен ел емес», – деді Орбан.

Сұхбат барысында премьер-министр Украинаның батысындағы НАТО көршілерінен ешқандай қауіп жоқ екенін, оның басты назарын шығыс майдандағы ресейлік дрондарға аударуы қажет екенін айтты.

«Украина Венгриямен соғысып жатқан жоқ, ол Ресеймен соғысып жатыр. Оның алаңдауы тиіс нәрсе – шығыс шекарасындағы дрондар. Ал мұнда НАТО-ға мүше елдер орналасқан. Украина ішкі аумақтары қауіпсіз. Ол жақтан ешкім оған шабуыл жасамайды. Поляктардың, словактардың, венгрлердің немесе болгарлардың оларға шабуыл жасағысы келеді деп ойламаймын. Бұл – миф. Оның ешқандай маңызы жоқ», – деді Орбан.

Фото: АР агенттігі

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00