457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бучадағы қылмыстарға қатысы бар 13 ресейліктің есімі жарияланды

The Sunday Times газеті 2022 жылдың көктемінде Бучеде жасалған әскери қылмыстарға қатысы бар деген күдікке ілінген Ресейдің 13 офицерінің есімін жариялады, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Олардың қол астында қылмысқа қатысы бар деп танылған 80-нен астам сарбаз болған.

Британ басылымының 27 қыркүйекте жариялаған дерегіне сәйкес, аталған офицерлердің сегізінің есімі Украина Бас прокуратурасы растаған және Киев ресми қылмыстық қудалауға дайындық ретінде оларға күдік жөнінде ресми хабарлама жасаған.

Қалған бесеуі өздеріне тікелей күдік келтірілмесе де, қоластындағы әскери қызметкерлерге берілген хабарламалар және ресейлік әскери құжаттармен салыстыру арқылы анықталған.

Газеттің мәліметінше, 13 офицердің барлығының жеке тұлғасы тәуелсіз заңгерлер мен тергеушілердің ашық дереккөздерді пайдалануымен расталған, бұл ақпаратты Украина арнайы қызметтері де құптаған.

Фото: Serhii Nuzhnenko/AP/picture alliance

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00