Украина СІМ басшысы: Ресей АЭС-ті тартып алуға дайындалуда

Запорожье атом электр станциясы төртінші күн қатарынан сыртқы электрмен жабдықтаусыз қалды, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.
Украина сыртқы істер министрі Ресейдің станцияны «ұрлауға» дайындалып жатқанын мәлімдеді.
Киев Мәскеуді Запорожье АЭС-ін украин энергетикалық желісінен ажыратты деп айыптап, Халықаралық атом энергиясы агенттігінен (МАГАТЭ) қатаң ұстаным танытып, станцияны заңды иесі – Украинаға қайтаруды талап етті.
Украина СІМ басшысы Андрей Сибига 27 қыркүйекте әлеуметтік желі X-те Ресей 200 шақырымдық электр желісін тартып, АЭС-ті иемденуге әрекеттеніп жатқанын, бұл ядролық қауіпсіздікке үлкен қатер төндіретінін жазды.
Оның айтуынша, Запорожье АЭС төрт күн бойы Украина энергожелісінен ажыратылған – бұл Ресейдің басып кіруі басталғалы ең ұзақ ажырату жағдайы. Министр ресейлік операторды станцияны Ресей бақылайтын желілерге қосу және қайта іске қосу кезінде ядролық қауіпсіздік талаптарын елемей отыр деп айыптады.
Фото: Alexei Konovalov/ITAR-TASS/IMAGО