457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ресей Patriot кешендерін айналып өту үшін зымырандарын жаңартты

Жаңартудың айқын мысалы ретінде соңғы айларда Ресейдің Украинадағы дрон шығаратын зауыттарға жасаған жойқын соққылары келтіріледі

Ресей өз зымыран жүйелерін АҚШ-тың Patriot әуе қорғаныс кешендерімен жабдықталған украиндық әуе қорғанысын тиімдірек еңсеру үшін жаңартқан. Бұл туралы бейсенбі, 2 қазанда Financial Times (FT) газеті Украина мен Батыс шенеуніктеріне сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Жаңартудың айқын мысалы ретінде соңғы айларда Ресейдің Украинадағы дрон шығаратын зауыттарға жасаған жойқын соққылары келтіріледі.

Осы жазда Киев пен оның маңындағы кемінде төрт дрон зауыты ауыр зардап шекті. Атап айтқанда, 28 тамызда түркиялық Bayraktar дрондарын шығаратын кәсіпорынға соққы жасалды. FT-ге сұхбат берген екі ресми тұлғаның айтуынша, тағы екі зымыран дрондарға арналған компоненттерді әзірлейтін және өндіретін компанияның кеңселерін нысанаға алған. Олар украиналық әуе қорғанысын айналып өтіп, ЕО өкілдігінің және Британ кеңесінің кеңселеріне де зақым келтірген.

Басылым дереккөздерінің бағалауынша, Ресей 500 км-ге дейінгі қашықтыққа ұшатын "Искандер-М" мобильді зымыран кешенін, сондай-ақ 480 км-ге дейін нысананы атуға қабілетті "Кинжал" аэробаллистикалық зымыранын жаңартқан. Енді зымырандар әуелі қалыпты траекториямен ұшып, содан кейін күрт бағытын өзгертіп, тік төмен түсетін маневр немесе Patriot жүйесінен жалтаруға мүмкіндік беретін басқа маневрлер жасайды.

FT-мен сөйлескен бұрынғы украиналық шенеуніктің бірі бұл жағдайды "Ресей пайдасына бетбұрыс сәт" деп бағалап, сонымен қатар АҚШ-тың Patriot кешендеріне арналған қарсы зымырандарды жеткізуде кешігуіне назар аудартты.

Financial Times деректеріне сүйенсек, егер шілде айында Украина Қарулы күштері ресейлік баллистикалық зымырандардың 37%-ын қағып түсірсе, қыркүйекте бұл көрсеткіш небәрі 6%-ға дейін төмендеген, ал Ресей зымыран ұшыру санын азайтқан. 1 қазанда Украина Әуе күштері Ресейдің "Искандер-М" кешенінен түнде ұшырылған төрт зымыранды қағып түсіре алмай, олардың барлығы нысаналарын дәл соққанын мәлімдеді.

FT атап өткендей, Patriot кешендері – Украина қарулы күштеріндегі ресейлік баллистикалық зымырандарды атып түсіре алатын жалғыз әуе қорғаныс жүйесі. Ал ресейлік қанатты зымырандарды қарапайым жүйелер де қаға алады, бірақ олардың жаңартылуы да тосқауыл қоюды күрделендіріп жіберді.

Фото: Valentyn Ogirenko/REUTERS