457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ресей мен Украина 185 тұтқын сарбазымен алмасты

Бұған дейін Мәскеу мен Киев арасында тұтқын алмасу 24 тамызда өткен еді

Ресей Қорғаныс министрлігі бейсенбі, 2 қазанда, Украина бақылауындағы аумақтардан 185 ресейлік әскери қызметкердің қайтарылғанын хабарлады. Жауап ретінде украин тарапы да 185 әскери тұтқынды алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұдан бөлек, азаматтық тұлғалар да алмастырылды. РФ Мемлекеттік Думасының депутаты Шамсаил Саралиевтің айтуынша, ресейлік тарап 20 азаматты қайтарып, сондай-ақ сонша адамды өзіне алды.

«Алмасу аяқталды», – деді ол РБК агенттігіне берген сұхбатында.

«Ресей әскери қызметкерлері мен азаматтық тұлғалары Беларусь Республикасының аумағында, оларға қажетті психологиялық және медициналық көмек көрсетіліп жатыр», – деп мәлімдеді Ресейдің әскери ведомствосы.

Барлық қайтарылған ресейліктер РФ-ға жеткізіліп, медициналық мекемелерде емделіп, оңалтудан өтеді.

Украина президенті Владимир Зеленский де Ресеймен әскери тұтқындар алмасқанын растады.

Бұған дейін Мәскеу мен Киев арасында тұтқын алмасу 24 тамызда өткен еді. Ол кезде әр тарап 146 әскери қызметкерден қайтарып, сонымен қатар 2025 жылдың ақпанынан бері Сумыда болған Курск облысының сегіз тұрғыны елдеріне жеткізілген.

Фото: Igor Burdyga