457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

293 млн теңге салықтан жалтарған күдікті БАӘ-ден елге жеткізілді

Салық төлеуден жалтарған күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Бас прокуратура мен Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан Елшілігінің қолдауымен салық төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматы елге жеткізілді. 2018-2020 жылдар аралығында ол коммерциялық кәсіпорын директоры бола тұра, корпоративтік табыс және қосылған құн салығын төлеуден жалтарып, мемлекетке 293 млн теңгеден астам залал келтірген.

— Қылмысты жасағаннан кейін күдікті жасырынып, бір жылдан астам уақыт бойы халықаралық іздестірілуде болды. Биыл қыркүйек айында ол Біріккен Араб Әмірліктері аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша құқық қорғау органдарына берілді. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды. Жасалған қылмыстары үшін оған мүлкі тәркілене отырып, бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған, — деді Бас прокуратураның ресми өкілі Ерлан Жанпейісов.

Фото: видеодан скрин