457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Коммуналдық қызмет енді қымбаттамайды

Қазақстанда қай коммуналдық қызметтер бойынша баға көтеруге мораторий енгізілгені белгілі болды

Қазақстанда қай коммуналдық қызметтер бойынша баға көтеруге мораторий енгізілгені белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаевтың сөзінше, олардың арасында электр, жылу, су, газбен жабдықтау және кәріз қызметтері бар.

“Бірінші кезекте 2026 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін тарифтердің өсуін тежеу мәселесі қозғалады. Біз электрмен, жылумен жабдықтау, сумен, кәріз және газбен жабдықтау сияқты коммуналдық қызметтер туралы айтып отырмыз. Бұл өмірлік маңызды салалар. Осы орайда біз аталған қызметтердің тиісті сапасын, барлық инвестициялық іс-шаралардың орындалуын және ТКШ инфрақұрылымының тұрақты, үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеміз”, – деді ұлттық экономика вице-министрі.

Фото: inbusiness.kz