Малайзияда көшкінен 11 адам қаза тапты

Малайзияда ұзақ уақыт бойы жауған күшті жаңбырлардың салдарынан болған көшкіннен кемінде 11 адам қаза тауып, бірнеше адам хабар-ошарсыз жоғалып кетті, деп хабарлайды Синьхуа.
Қайғылы оқиға Борнео аралының солтүстігінде Сабах штатындағы Кота-Кинабалу маңындағы ауылда болды.
Малайзияның әлеуметтік қамсыздандыру департаментінің мәліметінше, су тасқыны салдарынан 1788-ден астам адам қоныс аударуға мәжбүр болған және зардап шеккендерге 12 көмек көрсету орталығы ұйымдастырылған.
Премьер-министр Анвар Ибрагим зардап шеккендерге көмек көрсетуге бұрын бөлінген 11 миллион ринггитке қосымша 10 миллион ринггит (2,38 миллион АҚШ доллары) бөлінетінін жариялады.
Сондай-ақ ол малайзиялықтарды бірігіп, мұқтаждарға қол ұшын беруге шақырды.
Фото: Bernama