Франция Башар Асадты тұтқындауға ордер берді

Франция Сирияның экс-президенті Башар Асад пен тағы алты бұрынғы жоғары лауазымды шенеунікті тұтқындауға ордер берді, деп хабарлайды France24.
Бұған 2012 жылы екі журналист қаза тапқан Хомс қаласын бомбалау себеп болған. Басылымның мәліметінше, британдық The Sunday Times газетінде жұмыс істеген 56 жастағы америкалық Мари Колвин мен 28 жастағы француз фотографы Реми Ошлик қаза тапқан.
Француз билігі бұл оқиғаны адамзатқа қарсы қылмыс және соғыс қылмысы ретінде тергеп жатыр.
Бұйрықтың Башар Асадтан басқа оның ағасы Махир Асадқа, Сирияның 4-ші бронетранспортер дивизиясының бұрынғы басшысы, барлау қызметінің басшысы Али Мамлюк пен армия штабының бұрынғы басшысы Али Аюбқа да қатысы бар.
Сирияның бұған дейінгі шенеуніктері Хомстағы тұрғын үйлердің бомбалануына қатысы барын жоққа шығарған.
Башар Асад 2024 жылы желтоқсанда биліктен қуылып, кейін отбасымен Ресейден пана іздеген.
Еске сала кетейік, Ресей Башар Асадты Сирияға экстрадициялаудан бас тартты.
Фото: France24

Ең көп оқылған
