457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Израильдің Йеменге жасаған соққысынан 16 БАҚ өкілі қаза тапты

Йеменнің хуситтер тобы жексенбі күні Израильдің Йемен астанасы Санаға сәрсенбі күні жасаған соққыларынан мерт болған 46 адамның арасында 26 бұқаралық ақпарат құралының өкілі болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Синьхуа.


Мәлімдемеде соққы салдарынан екі басылымның кеңсесі қирағаны айтылған. Сондай-ақ мәлімдемеде ол соққының БАҚ қызметін әлсірете алмайтыны мәлімделді.

Хуситтердің бақылауындағы денсаулық сақтау органдары әйелдер мен балаларды қоса алғанда 165 адамның жарақат алғанын хабарлады. Хуситтер басқаратын «Аль-Масира» телеарнасы қираған тұрғын үйлер мен құтқарушылар аршып жатқан үйынділердің видеосын жариялады.

Израиль әскерлері әскери лагерьлер мен хуситтердің қоғаммен байланыс жөніндегі штаб-пәтеріне соққы жасағанын және бұны топ тарапынан ұшқышсыз ұшатын аппарттар мен зымырандарды қолданып жасаған соққыларына жауап болғанын жеткізді.

Өткен аптада кеңсесі қираған баскөтерушілердің әскери құрылымдарының ресми өкілі Яхья Сариа Израиль тарапынан жасалған соққылардың жауапсыз қалмайтынын айтты.

Йеменнің солтүстігінің басым бөлігін бақылайтын хуситтер Израильге шабуылды жалғастыра беретінін және Газадағы соғыс пен блокаданы тоқтатуға күш салуға уәде етті.

Фото: dzen.ru