457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Павлодар облысында жазу дәптері үшін ата-аналардан ақша жиналған

Ақсу қаласының Абай атындағы орта мектебінде жазу дәптерлері үшін бастауыш сыныптардың ата-аналарынан ақша жиналған. Бірінші сыныптың ата-аналары жазу дәптерлері үшін 1500 теңгеден, төртінші сыныптағылар 2500 теңгеден берген.

Ата-аналар бұл барып тұрған заң бұзушылық деп есептейді. Себебі мектептердегі пәндік жазу дәптерлері тегін берілуі керек, оған бюджеттен қаражат қарастырылған. Ал Ақсудың Абай атындағы мектебінде аталған оқу құралына ақша жинау соңғы жылдары дәстүрге айналып кеткен. Тіпті бұл іске мұғалімдердің араласқаны да анықталды.

2021 жылдан бері ақшаға сатып алып келеміз. Бұрын ауылда тұрғанда тегін алып келген дәптерлердің қалаға келгенде не себепті ақылы болып кеткенін түсіне алар емеспіз. Бірнеше балам мектепте оқиды. Мысалы, бірінші сынып үшін дүниетану мен жаратылыстану дәптерлерін, төртінші сыныпқа жаратылыстану, дүниетану, қызықты математика дәптерлерін сатып алып жатырмыз. Ата-аналар комитетінің төрағасы: «Жазу дәптерлері интернет-дүкендер арқылы қымбатқа шығады, сондықтан көтерме бағамен арзанға алдыртамыз», деп 1-сыныптың жазу дәптерлері үшін 1500 теңгеден, 4-сынып үшін 2500 теңгеден жинап жатыр. Бұл мәселеге сынып жетекшілері де араласып отыр, — деп мұңын шақты бастауыш сыныптың ата-анасы (аты-жөнін көрсетпеуді өтінді).

Kazinform.kz анықтағандай, 4-сыныпта 27 бала білім алады. Сонда бір ғана сыныптан 67 500 теңге қаражат жиналады екен. Ал Абай мектебіндегі төртінші сыныптар саны — 9. Биыл тек бірінші сынып бойынша 10 сынып жиналған. Олардың әрқайсында 24 баладан отыр. Ендеше бір ғана мектептен қанша қаражат жиналатынын есептей беріңіз.

Павлодар облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету басқармасының басшысы Гүлнәр Үздембаева Ақсу қаласының білім беру бөлімі 1-сыныптарға арналған негізгі пәндер бойынша дәптерлер 100% сатып алғанын хабарлаған.

Дәптерді білім беру мекемелеріне беру толық көлемде жүзеге асырылды. Оқу әдебиеттерін, жұмыс дәптерлерін сатып алуға қаражат жинауға тыйым салынады. Егер ата-аналар тарапынан сұрақ туындаса 8 (718) 37 6-59-41 телефоны арқылы хабарласуға болады, — деді департамент басшысы.

 

Ал Абай атындағы мектеп директоры Шолпан Кариева сыныптарда жазу дәптерлері үшін ақша жиналып жатқанынан бейхабар екенін хабарлады. Басшы ретінде бұған арнайы бұйрықпен тыйым салған.

— 2022 жылдан бастап қалалық білім беру бөлімі бірінші сыныптарды «Әліппе», «Математика», «Ана тілі» жұмыс дәптерлерімен тегін қамтамасыз етіп келеді. Олардың жетіспеуі мүмкін емес. Мектебімізде 2000 оқушы оқыса, олардың тең жартысы бастауыш сыныптарда білім алып жатыр. Ал өзге пәндер бойынша жазу дәптерлерін алу — әр ата-ананың жеке қалауы. Ал егер педагогтер араласып жатқаны анықталса, міндетті түрде шара қолданылады, — дейді мектеп басшысы.

Бұл мәселе бойынша өңірлік білім беру басқармасының жалпы, орта және мектепке дейінгі білім беру бөліміне хабарластық.

— Талап бойынша жазу дәптерлері тек 1-сыныптарға ғана міндетті. Толықтай бюджет қаражатына сатып алынып, мектептерге таратылады. Ал 2, 3, 4-сыныптарға жазу дәптерлерін сатып алуға ешкім мәжбүрлей алмайды. Кейбір сыныптың ата-аналары өз шешімдерімен алғысы келсе, оған кедергі келтіре алмаймыз. Бірақ бұл мәселеге мектеп директоры да, сынып жетекшісі де араласпауы тиіс, — деп жауап берді бөлім басшысы Нұргүл Азанбаева. 

Фото: Ozon.ru 

 

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00

Ең көп оқылған

Жолдау-2025. Толық мәтіні
Политика
|
08.09.2025 12:00
2025-09-08 12:00:00
Жолдау-2025 (live). Осы жерден көріңіз
Политика
|
08.09.2025 10:59
2025-09-08 10:59:00
Бүгін Тоқаев Жолдау жасайды
Политика
|
08.09.2025 08:43
2025-09-08 08:43:00
Трамп: Ресей мен Үндістан Қытайға өтіп кетті
Политика
|
05.09.2025 19:53
2025-09-05 19:53:00