457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алматы облысында жол апатынан 8 адам қаза тапты

Алматы облысында 8 адамның өмірін қиған жол апаты болды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Алматы–Бішкек автожолының 107-ші шақырымында болған жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Lexus маркалы автокөлік жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Toyota Alphard көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан сегіз адам оқиға орнында алған жарақаттарынан қаза болып, екі адам ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады департаменттен.

Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жолда аса мұқият болуға шақырды.

Фото: Canva


 

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00