457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алматы тауларында қалып қойған ер адамды құтқарушылар аман алып түсті

 

Алматы тауларында құтқарушылар ер адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Алматы қаласы Медеу ауданында, теңіз деңгейінен 3337 метр биіктікте, Титов көлінің маңында ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 1991 ж.т. ер адамға көмек көрсету үшін шақыртуға шықты.

Ер адам таулы аймақтан өздігінен түсе алмаған және көмекке мұқтаж болған.

ТЖМ РЖҚЖ күштерімен зардап шеккен азамат сәтті эвакуацияланды. Медициналық көмек қажет болған жоқ.

Фото: видеодан скрин