457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Түркістан облысында 1,5 млн теңге бопсалаған күдіктілер ұсталды

Күдіктілер – Сайрам ауданының тұрғындары

Түркістан облысы полиция  бопсалау қылмысына қатысы бар 4 күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Malim.kz.

Полицияның мәліметінше, күдіктілер – Сайрам ауданының тұрғындары. Олар жергілікті тұрғыннан 1,5 миллион теңге көлемінде  ақша бопсалағаны анықталды.

Жедел уәкілдер күдіктілерді тінту барысында жәбірленушіден алынған жеңіл автокөлік, 40-қа жуық оқ-дәрі мен басқа да заттай дәлелдемелерді тәркіледі.

Қазір бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктілер қамауға алынды. Барлық мән-жайды анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Фото: polisia.kz