Жетісуда полицей ес-түссіз жатқан ер адамның өмірін құтқарды

Жетісу облысының Текелі қаласында полиция қызметкері көміртек газымен уланған ер адамды аман алып қалды, деп хабарлайды Malim.kz.
Бала үйіне кіре алмай, көршілерінен көмек сұраған кезде пәтерден өткір иіс шыққан. Олар бірден “102” нөміріне хабарлаған.
Оқиға орнына жеткен полиция аға инспекторы Бауыржан Нұрмұхамбетов көрші пәтердің балконы арқылы ішке кіріп, ес-түссіз жатқан 45 жастағы ер адамды сыртқа шығарған.
Өрт сөндірушілер мен дәрігерлердің жедел әрекеті нәтижесінде азаматқа алғашқы көмек көрсетіліп, өмірі сақталды. Қазір оның жағдайы тұрақты.
Полицейдің батыл әрекеті — қызметтік борышына адалдық пен кәсіби шеберліктің айқын көрінісі.
Фото: polisia.kz