Жетісуда бес адамның өліміне себеп болған жүргізуші 5 жылға сотталды

Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилер ауыр жүк көлігінің жүргізушісін қайғылы жол апатына кінәлі деп тапты, деп хабарлайды Malim.kz.
Сот үкімімен «Volvo FH-Truck» жүргізушісі 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Іс материалдарына сәйкес, ол «Алматы – Өскемен» тас жолында ауа райының қолайсыздығына және көктайғаққа қарамастан көлікті тоқтату үшін қажетті шараларды қолданбаған. Нәтижесінде жүк көлігі жолды жауып, үш жеңіл көлік соқтығысқан.
Қайғылы оқиға салдарынан бес адам қаза тапты.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Фото: freepik.com