457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Рэпер P. Diddy төрт жылға сотталды

Нью-Йорк соты американдық рэпер Шон Комбсты (P. Diddy) жезөкшелікке тартқаны үшін кінәлі деп таныды, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Оған 500 мың доллар (шамамен 425 мың еуро) көлемінде айыппұл салынды.

P. Diddy тергеу изоляторында шамамен бір жыл өткізген, сондықтан ол тағы үш жылдан кейін бостандыққа шығуы мүмкін.

Прокуратура 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған, ал қорғаушылар соттан музыкантты босатуды талап еткен.

Шілдеде қазылар алқасы 55 жастағы орындаушы мен продюсерді қылмыстық топ құру және адам саудасы айыптарынан ақтағанымен, бұрынғы сүйіктісі Кассандра Вентура мен тағы бір әйелді жезөкшелікке тартқанын және осы мақсатта тасымалдағанын дәлелденген деп тапты.

Фото: https://t.me/dwglavnoe