457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

13 млн теңгеден астам ақша жеген. Шымкентте мектеп бухгалтері сотталды

Шымкент қаласындағы №43 мектептің бас бухгалтері Айдана Мекемтас мемлекет қаражатын жымқырғаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Kazinform агенттігінің тілшісі хабарлайды.


Сот мәліметінше, 27 жастағы Мекемтас 2022 жылдың қаңтарынан 2024 жылдың тамызына дейін мектептің электронды цифрлық қолтаңбасын пайдаланып, 15 мұғалімнің жалақысын жүйелі түрде артық есептеген. Кейін бұл сома артық аударылып кеткенін айтып, педагогтардан қаражатты қайтаруды сұраған. Алайда ақша мектеп бюджетін емес, өзінің жеке шотын толықтырып отырған.

Сонымен қатар, мектепке қажетті заттарды сатып алуға бөлінген қаржыны жеке кәсіпкердің шотына аударып, соңынан өзі иемденгені анықталды. Жалпы келтірілген шығын 13 миллион теңгеден асты.

Айыпталушы кінәсін толық мойындап, өкініш білдірді және шығынды мемлекетке толық өтеді.

Сот оны Қылмыстық кодекстің 189-бабы, 3-бөлігі, 1 және 2-тармақтары бойынша — «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету» бабымен кінәлі деп таныды.

Айдана Мекемтасты кінәлі деп танып, екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік және жергілікті басқару органдарында, Ұлттық банк пен оған қарасты ұйымдарда, квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды, — делінген сот үкімінде.

Жәбірленуші тарап ретінде қалалық білім басқармасы танылды. Үкім жарияланған соң сотталушы залда қамауға алынды. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Фото: freepik.com