Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматы облысында 17 жастағы жігіт оқушы қызды зорлаған

Оқиға
Алматы облысында 17 жастағы жігіт оқушы қызды зорлаған

Алматы облысында кәмелет жасқа болмаған жігіт 12 жасар қызды зорлады деген күдікпен ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды Malim.kz Skifnews.kz cайтына сілтеп.

Облыстың полиция департаменті болған жағдай бойынша қылмыстық іс қозғады.

“Күдікті – кәмелетке толмаған тұлға ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Соттың санкциясымен оған бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу түрі қолданылды”, – деп мәлімдеді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір  болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. 

Сондай-ақ заңды өкілдері кәмелетке толмаған күдіктіні тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ведомство істің тергелуі облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында болатынын атап өтті.

Фото: istockphoto.com 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу