Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мектептегі 35 жастағы мұғалім өзінің оқушысынан жүкті болып қалды

Әлем
Мектептегі 35 жастағы мұғалім өзінің оқушысынан жүкті болып қалды
milorad kravic / Getty Images

Жаңа Зеландияда бұрын-соңды болмаған жағдай орын алды – мұғалім өз оқушысынан жүкті болып, педагогикалық қызметінен шеттетілді, деп хабарлайды Malim.kz.

NZ Herald басылымының дерегінше, әйел медициналық мәселелері бар және құқық бұзған жасөспірімдер оқитын мектепте жұмыс істеген.

35 жастағы мұғалім 17 жастағы оқушыға ерекше ықылас танытып, оған қамқор болуға тырысқан. Біраз уақыттан кейін ол жасөспірімге ресми түрде қамқоршы болып бекітіледі. Осы шешімнен соң бала кепілмен босатылып, мұғалімнің үйіне көшіп барған. Бірнеше ай өткеннен кейін олардың арасында романтикалық қарым-қатынас орнап, мұғалім оқушысынан жүкті болған. Сол кезде жасөспірім әлі кәмелет жасына толмаған еді.

Кейін жасөспірім кәмелетке толмаған құқық бұзушыларға арналған орталыққа ауыстырылған. Мұғалім оны іздеп барған кезде олардың қарым-қатынасы ашылып, жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. Мектеп басшылығы бұл туралы арнайы тәртіптік трибуналға хабарлаған. Тергеу барысында мұғалім қамқоршы ретіндегі мәртебесін пайдаланып, оқушымен жеке байланыс орнатқаны дәлелденді.

Трибунал оның ісін тәртіп пен кәсіби этика талаптарын өрескел бұзу деп танып, педагогикалық лицензиясын жойды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу