457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

1 млрд теңге жәрдемақы ұрланған: заңсыз схемалар әшкереленді

Қаржылық мониторинг агенттігі жүктілік және босану бойынша жәрдемақылар мен атаулы әлеуметтік көмек түріндегі әлеуметтік төлемдерді заңсыз тағайындау деректерін әшкереледі, деп хабарлайды Malim.kz.
2024–2025 жылдары 1,2 млрд теңге көлеміндегі залалмен 13 сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Оның ішінде жүктілікке байланысты жәрдемақыны заңсыз рәсімдеу бойынша 10 іс қаралып, 15 адам жауапқа тартылды.
Жалған жұмыспен қамту арқылы 385 әйелге жәрдемақы заңсыз беріліп, мемлекетке 1 млрд теңгеден астам шығын келді. Мысалы, Ақтөбе облысында 70 әйелді жалған жұмысқа орналастырған екі адам 6 жылға сотталды. Шымкентте осыған ұқсас іс бойынша бір азаматша 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Агенттік атаулы әлеуметтік көмекке бөлінген қаражатты жымқыру деректері бойынша да тергеу жүргізіп жатыр. Бұл істерде жалған тұлғалар әлеуметтік көмек алушылар тізіміне енгізіліп, қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған.
Құжаттарды рәсімдеу процесінің цифрландырылуының арқасында мұндай алаяқтықтардың жолы 2023 жылдан бері кесілді. Бұдан бөлек, жәрдемақыларды тағайындау кезінде «өткен күнмен» жасалған зейнетақы жарналары енді есепке алынбайды.
Фото: istockphoto.com