freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түркістанда көлік жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші қайта ұсталды

Қоғам
Түркістанда көлік жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші қайта ұсталды
Фото: ІІМ

Түркістан қаласында патрульдік полиция қызметкерлері түнгі рейд кезінде жол қозғалысы ережесін күмәнді түрде бұзған "ВАЗ-2106" автокөлігін тоқтатты, деп хабарлайды Malim.kz.

Құжаттарды тексеру барысында тәртіп сақшылары жүргізушінің мас күйде болуы мүмкін екенін байқап, оны медициналық куәландыруға жіберді. Сараптама нәтижесінде 30 жастағы азаматтың алкогольдік ішімдік ішкен күйде көлік басқарғаны расталды.

Полицияның мәліметінше, аталған жүргізуші 2021 жылы да дәл осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін сот шешімімен 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған.

Соған қарамастан, жаза мерзімі аяқталмай тұрып қайтадан заң талаптарын өрескел бұзған азаматқа қатысты қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу