457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Түрмеде отырған Куандық Бишімбаевтің жағдайы белгілі болды

Экс-министрдің жалғыз камерада отырған-отырмағаныны да айтылды

Қазақстан Ішкі істер министрінің орынбасары, Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) төрағасы Абай Қайырбеков бұрынғы ұлттық экономика министрі Куандық Бишімбаевтың жазасын өтеу жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Malim.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қайырбековтың айтуынша, экс-министр қазір түзеу мекемесінде басқа сотталғандармен бірдей жағдайда отыр.

«Бишімбаев қылмыстық-атқару заңнамасының барлық талаптарына сәйкес, басқа сотталғандармен тең негізде жазасын өтеп жатыр», – деді ҚАЖК төрағасы.

Журналистердің оның еңбекпен қамтылуы мен жалақысы туралы сұрағына Қайырбеков бұл ақпараттың жеке деректер санатына жататынын айтты.

«Сотталғандардың еңбекке орналасуына қатысты мәліметтер – жеке сипаттағы деректер, олар тек туыстары мен адвокаттарына ғана беріледі. Жалпы айта кетсем, бүгінде біздің мекемелерде сотталғандардың шамамен жартысы еңбекке тартылған. Биыл біз қосымша 3 мың адамды жұмыспен қамтыдық және бұл бағыттағы жұмысты жалғастырамыз», – деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар журналистер экс-министрдің жалғыз камерада отырған-отырмағанын сұрады.

«Мен айтқандай, ол жалпы тәртіп бойынша жазасын өтеп жатыр, яғни басқа сотталғандармен бірге. Бұл сотталғанға қатысты ешқандай ерекше жағдай, жеңілдік немесе артық талап жоқ», – деді Қайырбеков.

Еске салайық, 2024 жылғы 13 мамырда Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі аяқталған болатын. Сот Куандық Бишімбаевты азаматтық жұбайын азаптап өлтіргені үшін кінәлі деп танып, оны 24 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кескен еді.

Фото: Жоғарғы сот