457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Мәскеу соты исламға қарсы блогерді 5 жылға соттады

Щепихин дінді және құдайды қорлаған деп айыпталған

Мәскеудің Преснен аудандық соты кәсіпкер әрі исламға қарсы блогер Арег Щепихинді дінге шек келтіру, экстремизмге шақыру деген айыппен 5 жылға жалпы режимдегі колонияға қамауға үкім шығарды. Сонымен қатар, оған интернеттегі сайттарды 2,5 жылға басқаруға тыйым салынды.

Қылмыстық іс оның жазда әлеуметтік желілерде жариялаған видеолары негізінде қозғалды, онда «шешендер, дағыстандықтар, Кавказ халықтары, еврейлер мен мұсылмандарға» қауіп төндірілгені айтылады. Щепихин өзіне тағылған айыптарды тек өзінде ғана болған, басқалар көрмеген видеоларға байланысты дейді.

Шешенстан ұлттық саясат министрі Ахмед Дудаев 4 маусымда Щепихинді құқық қорғау органдары қызметкерлері мен Мәскеу ведомстволары бірлесіп ұстағанын хабарлады. Бұған дейін блогердің автокөліктің багажнигіне күштеп салынғаны туралы мәлімет тараған.

Министр Щепихинді этникалық тазалау мен нацизмге ашық шақырған, дінді және Құдайды қорлаған, экстремистік пікірлер айтқан қылмыскер деп атады. Бұл туралы шешен мемлекеттік думасының депутаттары құқық қорғаушыларға хабарлаған.

3 маусым кешкісін Ярослав вокзалы маңында бірнеше сақалты ер адам мигалкалы Mercedes автокөлігінің багажнигіне «көмекке шақырып» айғайлаған блогерді күштеп салған видео шықты. Ол Арег Щепихин болып шықты.

Ресей ІІМ экстремизмге қарсы басқармасы 4 маусымда блогердің Шешенстан тұрғындарына қарсы провокациялық видеолар жариялағаны туралы тергеу бастағанын мәлімдеді.

Ресей Тексеру комитеті тергеу аясында блогерді ұрлады деген күдікпен алты адам ұсталғанын, бірақ олар үйқамаққа жіберілгенін хабарлады. Ал Щепихин сол күні қамауға алынды.

Фото: dzen.ru