457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Концертке деп ақша алған блогерлер алдап кетіпті

Астана, malim.kz. Lada.kz басылымының редакциясына, Aktau Fest 2025 концертіне қаражат берген инвесторлардың бірі хабарласқан.

Оның айтуынша, блогерлер концерт ұйымдастыруға инвесторлардан ірі көлемде ақша алып, осы уақытқа дейін қайтармай отыр. Өз кезегінде, инвесторда қолхат, бейнежазба, банк аударымдары сияқты бұлтартпас дәлелдер бар. Ел алдында жүрген адамдар болғасын сеніп қалдық дейді ол.

Инвестордың мәліметінше, осы концертті ұйымдастыруға ақша салған кейбір инвесторлардың көбі дымсыз қалып, кейбірі тіпті үйін сатуға мәжбүр болып отыр. Уағда бойынша, 5 млн-нан 10 млн-ға дейін ақша алған блогерлер ақшаны 20-30% табыспен қайтаратын болған. Алайда шара өткен соң байланысқа шықпай қойыпты.

Инвесторлар құқық қорғау органдарына шағым түсіріпті. Полиция болса, "Алаяқтық" бабы бойынша іс қозғалғанын хабарлады. Lada.kz редакциясы ақ-қарасы анықталғанша блогерлердің есімдерін жарияламауды ұйғарыпты.

Фото: sxodim.com