Прокурор блогер Алика Мұхамадиеваға 4,5 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады

Қарағандылық 22 жастағы Алика Мұхамадиеваға қатысты әлеуметтік желілердегі резонанстан кейін «алауыздық қоздыру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған еді, деп хабарлайды Malim.kz.
Мемлекеттік айыптаушы соттан оны орташа қауіпсіздік мекемесінде 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады.
Сонымен бірге прокурор үкімнің орындалуын 4 жылға шегеруді ұсынды — бірақ бұл мерзім Мұхамадиеваның баласы 14 жасқа толғанға дейін ғана жарамды болмақ.
Алика Мұхамадиева кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді. Ол соттан өзіне бас бостандығынан айырмауды және екі жасар қызын тәрбиелеуге мүмкіндік беруді өтінді.
Іс Қарағандыдағы Қазыбек би аудандық сотында жеделдетілген тәртіппен қаралып жатыр.
Мұхамадиева Threads әлеуметтік желісінде қазақтар мен мұсылмандарға қатысты қорлайтын пікірлер жариялағаннан кейін белгілі болды. Оның жазбалары қоғамда үлкен наразылық туғызып, екі күннен кейін блогер елден кетпек болған сәтінде ұсталды.
Фото: видеодан скрин