457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Өскеменде мас прокурор қызметінен босатылды

Өскемен қаласының прокуроры мас күйінде көлік жүргізіп, бағанаға соғылғаннан кейін полициядан қашпақ болған, деп хабарлайды Malim.kz.
Оқиғадан соң ол қызметінен айырылып, қамауға алынды.

Прокурор В.Б. Пан көлікті алкогольдік мас күйінде басқарғаны анықталған. Әкімшілік іс мамандандырылған әкімшілік сотта қаралды.

Сот шешімімен ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сондай-ақ, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды.

«Құқық қорғау органы қызметкерінің ар-намысына кір келтіретін іс-әрекет жасағаны үшін Өскемен қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры қызметінен босатылып, “1-сыныпты заңгер” сыныптық шенінен айырылды», — деп хабарлады ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.
Фото: gov.kz