457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Прокурор Айжан Аймағанова: Танымалдық өміріме ауыр тиді

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотында мемлекеттік айыптаушы болған прокурор Айжан Аймағанова сұхбат берді

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотында мемлекеттік айыптаушы болған прокурор Айжан Аймағанова тағы да көлемді сұхбат берді, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Бұл жолы ол Динара Сәтжанға сұхбат беріп, сот процесінен кейінгі өмірі мен танымалдықтың әсері жайлы айтты.

Аймағанова өзін табиғатынан тұйық адам екенін айтып, танымал болу тіпті отбасына да ауыр тигенін жасырмады:

«Қиын болды. Өмірім түбегейлі өзгеріп кетті. Көпшіліктің назарында жүргенді ұнатпаймын. Қарапайым прокурормын, отбасым, балаларым бар. Соттан кейін көшеде еркін жүре алмай қалдым, адамдар жиі суретке түседі. Олардың ықыласына ризамын, бірақ мұның бәрін қатар алып жүру оңай емес. Тіпті жолдасыммен арамызда келіспеушіліктер туындады. Жақында ғана қайтадан түсінісе бастадық. Балаларым үшін де қиын болды – олар туралы айтушылар көп еді», – деді ол.

Прокурордың айтуынша, танымал болуды қалаған емес, тек көндігуге тура келген.

«Егер басында маған: “Айжан, осы істен кейін жұлдызға айналасың” десе, бұл іске араласпас едім», – деп мойындады ол.

Еске салайық, 2023 жылдың қараша айында Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы мейрамханада қатыгездікпен ұрып-соғып, оның өліміне себеп болды. Осы сот процесінде өткір сөзімен көзге түскен Айжан Аймағанова көпшілікке кеңінен таныла бастады. Бұған дейін әлеуметтік желідегі оқырманы аз болса, қазір оның парақшасына 246 мыңнан астам адам жазылған.

Фото: Жоғарғы сот