457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жігіттердің қолын ұстап видео түсірген блогерге қатысты іс қозғалды

Блогер Қытай мен Өзбекстанда пранк видеолар түсірген

Блогер қыз қоғамдық орындарында бейтаныс жігіттердің аяқ-қолынан ұстап, өз әрекетін видеоға түсірген. Қытайда түсірілген пранктен кейін Алматы полициясы блогермен профилактикалық әңгіме жүргізді.


Дегенмен, біраз уақыттан кейін ол Өзбекстанда дәл осындай сипатта түсірілген бейнежазбаларын қайта жариялады. Алматы қаласының полиция департаменті блогердің бұл әрекетіне қатысты тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады.

— А. есімді азаматша Өзбекстан метросында өз іс-әрекетін бейнежазбаға түсіріп, жолаушыларға әдейі тиіскен және сол жазбаны жеке парақшаларында жариялаған. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін оған қатысты әкімшілік іс қозғалды. Іс шешім шығару үшін сотқа жіберілді. Аталған азаматша бұған дейін де осындай әрекеттерге жол берген, сол кезде онымен профилактикалық әңгіме жүргізілген болатын. Алайда ол тиісті қорытынды шығармағаны байқалады, — деп хабарлады полициядан.

Фото: видеодан скрин