Атырауда әлеуметтік орталықта ерекше баланы ұрып-соққан
Атырау облысындағы әлеуметтік орталықтардың бірінде тәрбиеші мүмкіндігі шектеулі баланы ұрып-соққан, деп хабарлайды Malim.kz.
Желіде тараған видеода ересек адамның кішкентай баланың жүрісін салып, мазақ еткені байқалады.
Полицияның баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Куәгерлер мен оқиғаға қатысы бар адамдардан жауап алынуда.
Ведомство оқиғаның 2024 жылы болғанын, алайда бұл туралы полицияға тек 2025 жылғы 25 қыркүйекте ғана белгілі болғанын хабарлады.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Фото: видеодан кадр