Ресейге қарсы санкциялар: АҚШ-та Трампқа қысым күшейді

АҚШ Конгресінің мүшесі Брайан Фицпатрик (Пенсильвания) пен сенатор Линдси Грэм (Оңтүстік Каролина) Украинадағы соғысқа байланысты Ресейге қатаң санкциялар енгізу туралы заң жобасын қабылдатуға ниетті, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.
Саясаткерлер бұл құжатты үкіметті қаржыландыру туралы басқа да маңызды заңмен байланыстыруды ұсынып отыр. 13 қыркүйекте жарияланған бірлескен мәлімдемеде олар алдағы аптада бастаманы республикалықтар мен демократтардың қолдауына қол жеткізуге күш салатынын айтты.
Заң жобасы бірнеше айдан бері қаралып жатыр, алайда Сенат пен Өкілдер палатасының басшылығы оны дауысқа шығарған жоқ, деп хабарлайды Reuters.
Фото: picture alliance/Middle East Images