Тоқетері. Айдос Сарым: мемлекет шабадан емес

IMAGE: rtvi.com (@aidos.sarym)
Депутат, мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Айдос Сарым RTVI басылымына сұхбат беріпті.
Мәжілісімен сұхбатта Қазақстанның халықаралық саясатына қатысты көзқарасын білдірген. malim.kz түйінді тұстарының ықшамдалған тоқетерін ұсынып отыр.
Қазақстан өзінің сыртқы саясатын өзгерте ме деген мазмұндағы сұраққа жауабы:
- Біздің билік басына қазіргі президенттен тіпті басқа адам келсе де, ол бір-бір жарым айдан соң бәрібір қазіргі халықаралық саясатқа қайтып келеді... Мемлекет шабадан емес: оны Мальдив аралдары әлде Брюгге жаққа жақындатып қоя сала алмаймыз. Біз қазіргі шындықты қабылдап, осыған үйреніп, психика мен ақыл-есімізге мейлінше аз нұқсан келетіндей өмір сүруіміз керек.
Қазақстан Ресей-Украина қатығысында келіссөз алаңы бола ала ма?
- Біздің бұл істе тәжірибеміз бар. Сирия мәселесі бойынша 17 рет кездесу болған. Сондықтан, әлдебір бастамалар болуы мүмкін... Қазақстан Путин үшін де, Трамп үшін де қолайлы жер. Біз бәрін қамтамасыз ете аламыз... Біз Ресейді де, Украинаны да бірдей жақсы түсінеміз...
Ресейде Ұлы Тұран идеясы туралы көп айтылады, Қазақстан пантүркизм идеясын қолдайды дейді.
- "Ұлы Тұран" - Ресей политтехнологтарының шығарып жүргені. Олар осылайша ақша табады.