"Тістің ақшасын шешу": атыраулық стоматологтар өздерінен ештеңе аямапты

IMAGE: ©tengrinews.kz
Қаржылық мониторинг агенттігі зейнетақының жеткілікті мөлшерінен артық соманы шығарып беретін стоматологтардың мүлкін көрсетті. Бұл туралы tengrinews.kz жазыпты.
Бұрын осы агенттік стоматологиялық клиникалар арқылы Зейнетақы қорынан 200 млрд теңге негізсіз алынғанын хабарлаған болатын. Кей тұстарда бір кісінің 65 тіс салдыруға жететін ақша "шешкені" туралы да айтылған.
Енді, аталмыш агенттік дәйек бейнематериал жариялапты. Онда, ақшаны заңсыз қолма қолға айналдырды делінген стоматологтардың көліктері көрсетілген. Ішінде премиум санаттағы Mercedes-Benz G-class, GLE, BMW X7, Porsche Taycan, Cadillac Escalade сияқты көліктер бар екен. Бұған қоса, стоматологтар қымбат үйлер, әшекей бұйымдар, жер телімдері сияқты активтерге ақша салғаны белгілі болды.