457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Зейнетақы төленбейді немесе азаяды, егер. Жаңа түзетулер туралы

Еңбек министрлігінің Әлеуметтік Кодекске енгізгелі жатқан түзетулері күшіне енсе, зейнеатақы төлеуде өзгерістер болады. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлаған.

Жаңа нормаларға сәйкес, зейнетақы ел аумағында тұрақты тіркеуде барларға ғана төленетін болады. Сонымен бірге, қарттар үйіндегі, колонниялардағы жандарды мемлекет толығымен қамтып отырғандықтан, оларға төленетін зейнетақы мөлшерін қысқарту ұсынылған.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақыны 4.3 млн адам алады. Олардың 100 мыңының тұрақты тіркеуі жоқ, ал 28 мың адам - уақытша тіркеуде тұр. Мұндай азаматтарға төлемдерді - ел аумағында тұрғаны расталған мерзімге дейін төлеу ұсынылады.

Сонымен бірге, интернаттар мен стационарларда тұрып жатқан, қылмыстық-түзету мекемелерінде отырған азаматтарға төлемдерді 30% дейін қысқарту да қарастырылады. Ондай жағдайда - қалған сома бюджетке кетеді, себебі олардың тамағы пен баспанасын, басқа да мұқтаждықтарын мемлекет өзі өтеп отыр.

Министрлік, мемлекет өз күнін өзі көріп жүргендерді қолдау керек деп есептейді. Құжаттың жобасы 24 қыркүйекке дейін қоғамдық талқыға салынады.

 

IMAGE: gov.kz