Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мақал-мәтелдер (жаңа!). Украин халқының мақал-мәтелдері

MALIMet •
Мақал-мәтелдер (жаңа!). Украин халқының мақал-мәтелдері
© atlanticcouncil.org

Бұл мақал-мәтелдер 1978 жылы жарық көрген "Маржан сөз" атты кітаптан алынып отыр. malim.kz осынау - Еуропа және Азия халықтарының қазақ тіліне сәтті аударылған мақал-мәтелдерінің шаң басып жатуы әділ емес деп шешті. Қабыл алыңыз!

Ескерту: емлесі қаз қалпында беріліп отыр. Кітапта қалай - тура солай. Түсініксіз жерлерге (?) белгісін қойып өттік. Діни, тұрмыстық, т.б. даулы болуы мүмкін тұжырымдар бар мақал-мәтелдерді кітап шыққан заманға сай сөз саптау деп ұғыңыз.

УКРАИН МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНЕН

Қалам жазбайды, ақыл жазады.


***
Пішенді маялап үйгенде мақта,
Молланы көріне кіргенде мақта.


***
Тақсырдың достығы -
Қасқырдың достығы.

***
Сорға тойған,
Суға қанған.

***
Етектен кесіп, иінін бүтіндеп.

***
Біреуге деп құйылған құймақ,
Біреуге кеп бұйырған құймақ.

***
Сайтан қартайса, сопы болар.

***
Ағаш айғайға құламайды.

***
Бишікеш қатынның үйі бықсық.

***
Сен жылама «Бұл жігітке бардым» деп,
Ол жыласын «Бір пәлеге қалдым» деп.

***
Қызыл етік те қысады.

***
Ақыл-көптің азығы.

***
Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.

***
Қолы шебердің қары талмайды.

***
Естіге екі сөз де жетеді.

***
Иесі жоқ болса, есік те жылайды.

***
Төренің иті де иті де төреше үреді.

***
Шалқақтаған қыз шашына ақ түскенше отырады.

***
Төбеде тұрсаң да - танауыңды шүйірме,
Төменде тұрсаң да-тізе бүгіп, иілме.

***
Жалқауды асықтырып үйретпе, ашықтырып үйрет.

***
Қанаты қайрылған сұңқарды қарға да алады.

***
Батпақ бар жерде бақа да бар.

***
Ағады жылдарың -
Суындай жылғаның.

***
Думанды той болмаса да кәрілік,
Өлгің келмес, жабығып.

***
Қан-су емес, жас емес,
Жүрек сорлы -тас емес.

***
Бауыры ауру сорлайды -
Балды да-татып алмайды.

***
Тісің болса, тіске басар табылар.

***
Ажал - тау сыртында өмес,
Ту сыртыңда.

***

Дәрменсіз бен шалдарды,
Күткендей күт балларды. (?)

***
Кәрілік ептеп жүреді,
Кеселін ерте жүреді.

***
Бөбектің бесігі де бір -
Кәрінің жатар пеші де бір.

***
Тәуіпке қарану -
Қапасқа қамалу.

***
Қарта ойнау мен ішімдік
Шығармайды кісі ғып.

***
Ақ нан адамды аяғынан тік тұрғызар.

***
Өттім дей бер арманда,
Жар таппасаң жалғанда.

***
Ғашықтық - өрт, өрттен өзің қашарсың,
Бір лап етсе, сөндіре алмай сасарсың.

***
Ақиқат батпаққа батырсаң да, пәктігінен айрылмас.

***
Тәтті сөздің арасында ащысы да болады.

***
Батырлық бал жалатар,
Не зар жылатар.

***
Анаң бір қолымен ұрар,
Бір қолымен сылар.

***
Көзін ашпаған күшік те енесін іздейді.

***
Байлаусыз тілдің басыңа жаны ашымас.

***
Елдің ішігін киген жылынбас.

***
Парасаты бардың бағы жанар.

***
Арбасы бір қираса,-
Аңқау есін жинайды.

***
Аттың сауырында болған
Бауырында да болар.

***
Жетер болса, мүйізіңмен желкеңді қасы.

***
Табан астын қазбалайтын тауық қана.

***
Суға кете жаздарсың,
Ұстараны қармарсың!

(Жалғасы бар)

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу