Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мақал-мәтелдер (жаңа!). Украин халқының мақал-мәтелдері - 2

MALIMet
Мақал-мәтелдер (жаңа!). Украин халқының мақал-мәтелдері - 2
© chathamhouse.org

Украин халқының мақал-мәтелдерін жариялауды жалғастырамыз. Өткен жазбада тек бір топтамасын бергенбіз.
Мақал-мәтелдер 1978 жылы шыққан "Маржан сөз" кітабынан алынып, қаз қалпында беріліп отыр. Сондықтан қателер баспахана қатесі болуы мүмкін. Түсініксіз тұстарға (?) белгісін қойып отырмыз (malim.kz редакциясы).
Бұған қоса, бүгінгі күн биігінен томпақтау көрінетін діни, тұрмыстық, т.б. тұжырымдары бар мақал-мәтелдерді өзгеріссіз беріп отырмыз. Ондай тұстардың дұрыс-бұрыстығын оқырман өзі шеше жатар деген ниетпен.

УКРАИН МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНЕН

***

Бір қатын ойнаймын дей доңғалақпен. Шабаққа оралыпты, қаңғалақтап.
***
Мөлдір сулы бастаудың жолын қау шөп баспайды.
***
Жақсыны жаман бұзады.
***
Тұңғиық су лайланбас.
***
Табақ тартқанға танауыңды шүйірме.
***
Мұң батса, жүрек зарланар, есті де мәңгіп сандалар.
***
Туған әкеңе де турасын айт.
***
Өзгенің таудайынан, өзіңнің тауықтайың тәуір.
***
Ақиқат апанға тықсаң да, жасырылмас.
***
Үйдің тіреуі – еңбеккер қол.
***
Өгізбен ор қоянға жетем деме.
***
Жарымес қатыннан, жанжалшыл қатын артық.
***
Бауырларым көп, бас сұғарым жоқ.
***
Ет-жақын туысқанбыз; күн астында ұлтарақ жайысқанбыз.
***
Жалпиған бұлт жауынға жарытпас.
***
Шабанға мініп жылағанша, асауға мініп құла.
***
Өзінің қандай бұзау болғаны – өгіздің есінде жоқ.
***
Құшақ аш, теңіз, сақтан да құрбақа келе жатқанда.
***
Қанаты болса шошқаның, шолар ед әлем аспанын.
***
Айтқаны мықтап-айтқандай: алтыннан шеге қаққандай.
***
Төренің қақпасы кірерде кең, шығарда тар.
***
Байға – серуен, сорлыға – сергелдең.
***
Алма ағашты бергеніне қарап бағала, адамды еңбегіне қарап бағала.
***
Құлағыңмен су кешпей, жүзе алмассың жүзгіштей.
***
Ақсаусақтың ақылы күңгірт, қолынан келген қашаумен де балық аулар.
***
Жалпаңдама, қарға, жат қораға барма.
***
Күн жарқырап тұр, аяз сақылдап тұр.
***
Сыбызғы – сиыршының алданышы.
***
Торқасына қарай тоқымасы.
***
Күндіз аптап қамайды, түнде маса талайды.
***
Ауласында жүрсе, әтеш те паң.
***
Көзге үймелеген сонадай кимелейді.
***
Өгіздің күні өкірумен өтеді.
***
Ұн тартқанда басқа, қапшығыңды тоспа.
***
Аудың алдынан балық аулама.
***
Көрмегенді көзіңмен, көпіршітпе сөзіңмен.
***
Қиялың жетпегенді қолыңа алма.
***
Ақиқатқа айып тағылмайды.
***
Қеліге түйсең де, кебегінен айрылмас.
***
Аяғын сулағысы келмейді, балық аулағысы келеді.
***
Сандуғашша сайрайды, сұржыланша шағады.
***
Ойлау жерде жорғалап, тайғақ жерде сырғанап.
***
Қойдан жуас жүргенде, қошқардан бетер сүзгенде.
***
Тақыс түлкі тоғайдан шықпас.
***
Оқымысты бұлбұл он түрлі сайрайды.
***
Топастығы томардай.
***
Әлің жетпеген жерде ақылмен ал.
***
Жолығады ақымақпен ақымақ, тамсанады, бірін-бірі таңырқап.
***
Томарға тірелгендей тырп етпей...
***
Қиялы – көкте, құйрығы – төсекте.
***
Айбынымыз қаншама, ал өзіңіз аңдаңыз: атты қасқыр жарса да, аман қалды арбамыз.
***
Терлемеген терең білмес.
***
Есті жалғыз екі сұмға дес бермес.
***
Мен білмеймін деме, үйренейін де.
***
Өз ошағыңның түтіні көзіңді ашытпайды.
***
Боз бетеге өз түбірінен өседі.
***
Тайыз жыртқан тақсіретін тартар.
***
Шортан судан қорықпас, кедей мұңнан қорықпас.
***
Тәңірге табынады, сайтанға жалынады.
***
Пұлы бардың пірі боп шыға келеді.
***
Бұрқыратып ұзақ күн егін басқан, қызылдауға дән таппай, жаман сасқан.
***
Жер жыртарда сырнай тартпас болар.
***
Шағала қонса айдынға, күн жауар деп қайғырма.
***
Мартта жаурмайды қарт та.
***
Күн күркіремей, тоң жібімейді.
***
Қысқы күннің жанары – өгей шеше қабағы.

Қарай отырыңыз: Украин халқының мақал-мәтелдері /басы/

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу