Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

800 адамнан 80 адам қалдырған советтік Қазақстандағы эксперимент. Бір реформаның тарихы

MALIMet
800 адамнан 80 адам қалдырған советтік Қазақстандағы эксперимент. Бір реформаның тарихы
Тақырыпқа Gemini ЖИ қиялы © malim.kz

malim.kz бұл жазбаны бірнеше жарияланымның қорытыдынсы ретінде беріп отыр. 

Бұл жазбада біз - көп айтыла бермейтін, бірақ нәтижесі өте қызық болған - Қазақстандағы шаруашылық эксперимент туралы айтпақпыз. Себебі, қабырғасы қаусай бастаған совет экономикасы осы жолмен кетуі әбден мүмкін еді.


Ескерту: бүгінгі асығыс оқырманға бейімделіп беріліп отыр. Дәл сол уақытта, түйінді жерлерін жіберіп алмауға тырыстық.

Екінші дүниежүзілік соғыстан совет экономикасы тәлтіректеп, болдырып шықты. “Мұнай дәуіріне” дейін әлі 30 жылдай бар. Одақ соғыста жеңгенімен, кәдімгі картоп пен астық үшін күресте ойсырай жеңілді. 1946-47 жылдардағы құрғақшылық елді тіпті есеңгіретіп кетті (айтпақшы, осы жылдарда болған аштық сирек айтылады). Советтер одағының әлемдік нарыққа ұсынатын тауары да жоқ еді. 

1953 жылы билікке келген Хрущев жағдайды ауыздықтап бақты. Рас, оның іс-амалдары жаппай жүгері салу сияқты жындысүрей бастамаларымен қатар жүрді. Есіңізде болса, жүгеріні тіпті Саха елінде де еккен болатын(!).

Хрущевтің әрекеттері ештеңе бермеді, халық тоя тамақ ішетін жағдай бәрібір жасалмады. Рас, Хрущев ауылдардың жағдайын шамалы болса да жеңілдетті. Мысалы, өзі келген алғашқы бес жылда партия басшыларынан колхоз-совхоздардың шаруашылығына араласпауын “өтінді”. Ауыл астық мен еттің жоспарын орындауы керек; ал оны жергілікті жетекшілер мен ауылдықтар қалай орындайды - өздері білсін деген бейресми саясат жүргізілді. Бұған қоса, ешқашан паспорты болмаған ауыл халқына паспорт үлестіріп, оның үсіне - советтер одағында алғаш рет - адамды идея мен жарқын болашақтағы игілік үшін емес, ақшалай ынталандыруға бетбұрыс жасалды. Осының өзі 1954-1958 жылдарда ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 35% -тен астам өсуіне әкелді. Алайда, халықтың қарны тоқ деуге әлі де болмайтын еді.

Әбден күйзелген билік осы кезде капиталистік шаруашылық әдістеріне назар аударыпты. Иә, бұл совет елі үшін сорақылық, бірақ, ел тентіреп барады. Осы кезде советтер одағының министрлер кеңесінің төрағасы (бізше - премьер-министр) Алексей Косыгин экономиканы шаруашылық есеп айырысу әдісіне көшіруді ұйғарады. Яғни, капитализмге қарай бір қадам деген сөз.

Алайда, бірден бүкіл елді көшірмес бұрын, жаңа экономикалық шешімдерді Қазақстанда сынап көріпті. Ол үшін “Іле” совхозынының басшысы Иван Худенкоға ендігәрі шаруашылық есеп айырысу (“хозрасчет”) әдісімен іс жүргізуге мүмкіндік береді.


Нәтиже көп күттірмеді. Небәрі 2 жыл ішінде совхоздағы 800 адамның 720-сы керек болмай қалды! Бұрын 800 адам атқаратын жұмысты енді небәрі 80 адам атқаратын болған. Мысалы, совхоздағы түрлі деңгейдегі 110 басшының(!) жұмысын игеруге болғаны 2 адам жарайтын болып шыққан. Жұмыстан босап қалған адамдарды айына 30 сом жәрдемақыға отырғызып қойған. Осылайша, эксперимент нәтижесінде еңбек өндімділігі 3 есе, ал жалақы 2.5 есеге артқан.

Бұл нәтиже партия басшылығын қатты шошытыпты (тарихшылар мен публицистердің пайымы). Себебі, кішкентай совхоздың өзінде 700 адам керек болмай қалса, бүкіл ел көлемінде не болмақ? Мұндай шаруашылық әдісінен Советтер одағының идеологиясы, болмысы, іргетасы күйрейтіні анық еді.

Оның үстіне, 1971 жылы Самотлор мұнай кеніші ашылып, ал 1973 жылы араб-израиль қақтығысы басталды. Мұнай бағасы аспандап, коммунистік партия басшылары әрі қарай ізденуді қажет деп таппады.

malim.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу