freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Маңғыстауда Джеки Чан түсетін фильмінің түсірілімі басталды

Мәдениет
Маңғыстауда Джеки Чан түсетін фильмінің түсірілімі басталды
Маңғыстау облысының әкімдігі

Маңғыстау облысында аты аңызға айналған актер Джеки Чан түсетін халықаралық киножобаның түсірілімі басталды. “Доспехи бога 4: Ультиматум” фильмінің алғашқы кадрлары өңірдің ерекше табиғи көріністерінде түсірілген. Бұл туралы Malim.kz Stan.kz сайтына сілтеп хабарлайды.
Өңір әкімдігінің мәліметінше, фильмнің негізгі локацияларының бірі ретінде Маңғыстаудағы әлемге әйгілі Бозжыра шатқалы таңдалған. 7-12 маусым аралығында 35 адамнан құралған түсірілім тобы осы аумақта жұмыс жүргізді.

Өңір әкімдігі шығармашылық топты қабылдап, жобаға қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың айтуынша, Маңғыстаудың киноиндустрия үшін әлеуеті жоғары.

“Маңғыстау ауқымды киножобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бірегей табиғи артықшылықтарға ие. Біз креативті экономиканы дамытуға, мәдени мұраны танытуға және өңірдің туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз”, – деді ол.            
 

Әкімдік бұл жобаның отандық киноиндустрия үшін маңызды оқиға екенін атап өтті. Халықаралық фильм арқылы Маңғыстаудың табиғи және тарихи орындары әлемдік аудиторияға таныстырылып, ішкі туризмді дамытуға жаңа серпін беруі мүмкін.

Ал мамандардың мұндай жоба өңірге туристердің қызығушылығын арттырып қана қоймай, инвестициялық тартымдылық пен Қазақстанның халықаралық имиджін күшейтуге ықпал етеді деп есептейді.

Түсірілім жұмыстарын биыл аяқтау жоспарланып отыр. Ал фильм 2027 жылғы ақпанда прокатқа шығуы мүмкін.

Еске салайық, былтыр күзде әлемге әйгілі актер Джеки Чан Алматыға келген еді. Кейінірек оның халықаралық фильм жобасын іске асыру үшін келгені белгілі болды, ол “Доспехи Бога: Ультиматум” атты жаңа фильміне түсірілім алаңдарын таңдаумен айналысқан. Қазақстандық актер Рүстем Омаров да фильмге актер әрі сценарист ретінде қосылды. Жоба Маңғыстауда түсіріледі, бұл аймақтың табиғаты мен инфрақұрылымы фильмге лайық деп танылған. Фильм Қазақстанның халықаралық кино саласындағы беделін көтеруге, туризм мен креативті индустрияны дамытуға мүмкіндік бермек.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу