freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда самокат жүргізушілеріне жолмен жүруге тыйым салынуы мүмкін

Қоғам
Қазақстанда самокат жүргізушілеріне жолмен жүруге тыйым салынуы мүмкін
Солтан Жексенбеков/Kazinform

Қазақстанда жол қозғалысы ережелеріне бірқатар өзгерістер енгізілмек. Сенат бірінші оқылымда электрмобильдерге арнайы жасыл мемлекеттік нөмір беру туралы заң жобасын мақұлдады. Заң күшіне енгеннен кейін жасыл нөмірлер шамамен алты айдан соң беріле бастайды.

Құжатқа сәйкес, шағын электр көліктерінің (самокат, скутер, ховерборд және монодөңгелек) жүргізушілеріне автомобиль жолдарымен жүруге тыйым салынады. Олар тек тротуарлар мен веложолдарды пайдалана алады.

Сондай-ақ жүргізуші куәлігінсіз мас күйде көлік жүргізген азаматтарға жаза күшейтіліп, олардың 7-8 жыл бойы жүргізуші куәлігін алуына шектеу қойылады. Бұдан бөлек, заң жүргізушісіз көліктерді сынақтан өткізу мен пайдаланудың құқықтық негізін қалыптастырады.

Алдын ала мәлімет бойынша, жасыл нөмірлер тек толық электрмобильдерге беріледі, ал қосылатын гибридтер бұрынғы ақ нөмірлермен қалады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу