freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әлем чемпионаты: Германия Кюрасао құрамасын 7-1 есебімен ұтты

Спорт
Әлем чемпионаты: Германия Кюрасао құрамасын 7-1 есебімен ұтты
ua-football.com

Футболдан әлем чемпионатының Е тобындағы Германия мен Кюрасао құрамалары алғашқы кездесулерін өткізді, деп хабарлайды Malim.kz Egemen.kz сайтына сілтеме жасап. 

АҚШ-тың Хьюстон қаласындағы NRG Stadium стадионында өткен ойында футбол жанкүйерлері бақандай 8 голға куә болды. Бұл әзірге әлем чемпонатындағы ең ірі есеп айырмасымен аяқталған кездесу болып отыр.

Бірінші таймның 6-шы минутында немістер есеп ашты. Феликс Нмеча көзге түсті. 21-ші минутта Кюрасао шабуылшысы Ливано Комененсия таразы басын теңестірді. Одан кейін Нико Шлоттербек Германия құрамасын алға шығарды. Бірінші тайм соңында немістерге қарсы айып алаңында ереже бұзылғаны үшін төреші Кюрасао қақпасына айып добын белгіледі. Кай Хаверц пенальтиден мүлт кеткен жоқ. Бірінші тайм 3-1 есебін аяқталды.  

Екінші тайм басталған бетте неміс футболшылары жүйелі шабуыл ұйымдастырып, Джамал Мусиала есепті 4-1 жеткізді. Бұдан кейін неміс машинасы тоқтап қалмай тағы 3 гол соқты. Германия сапынан Браун, Ундав және Хаверц дубль жасады.

Енді екінші турда Германия құрамасы Кот-д’Ивуармен (20 маусым), ал үшінші турда Эквадормен (25 маусым) кездеседі. Өз кезегінде Кюрасао құрамасы екінші турда Эквадормен (21 маусым), үшінші турда Кот-д’Ивуармен (25 маусым) ойнайды.

Топтық кезең 11-27 маусым аралығында өтеді. Командалар бір-бірімен айналмалы жүйе бойынша кездесіп, әрқайсысы үш матчтан өткізеді. Плей-офф кезеңіне әр топтан үздік екі құрама, сондай-ақ үшінші орын алған командалар арасындағы ең үздік сегіз құрама жолдама алады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу