freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шенген аймағына кірудің жаңа талаптары: қазақстандықтар нені білуі керек?

Қоғам
Шенген аймағына кірудің жаңа талаптары: қазақстандықтар нені білуі керек?
freepik

Шенген аймағындағы елдерде EES (Entry/Exit System) кіру-шығу жүйесі толыққанды жұмыс істей бастады. Енді шетелдік туристердің деректері бірыңғай цифрлық базада тіркеледі, ал паспорттағы үйреншікті мөр бірте-бірте тарих қойнауына кетеді. Жаңашылдықтар туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

Жаңа ережелер кімдерге қатысты?

СІМ бұл жүйе Еуропалық одаққа мүше емес барлық ел азаматтарына қолданылатынын атап өтті. Жаңа талаптар Шенген визасы қажет саяхатшыларға да, Еуропаға визасыз режиммен баратындарға да ортақ болады.

Реформаның басты мақсаты - шекаралық бақылауды цифрлық форматқа көшіріп, қағаз түріндегі құжат айналымын азайту. 

Паспортқа мөр басудың орнына сапарлар туралы ақпарат бірыңғай электронды жүйеде сақталады.

Қандай деректер жиналады?

Шекарадан өту кезінде шекара қызметінің мамандары мынадай мәліметтерді тіркейді:

паспорт деректері;

елге кірген және шыққан нақты уақыты мен орны;

бет-әлпеттің цифрлық фотосы және саусақ іздері;

егер қандай да бір себеппен елге жіберілмесе, кіруден бас тарту туралы мәліметтер.

Сонымен қатар жүйе ақпаратты басқа да еуропалық деректер базасымен автоматты түрде салыстыра алады. Шекарашылар виза мәртебесін, ал қажет болған жағдайда отбасы мүшелері туралы деректерді қоса алғанда, қосымша мәліметтерді бірден көре алады.

Жүйеге қай елдер қатысады?

Жаңа ережелер бүкіл Еуропаны дерлік қамтиды. Жүйе Шенген аймағы мен Еуроодақтың барлық елдерінде, сондай-ақ мына мемлекеттерде қолданылады:

Исландия;

Лихтенштейн;

Норвегия;

Швейцария.

Тек Ирландия мен Кипрде EES жүйесі әзірге қолданылмайды.

Қазақстандықтар не білуі керек?

СІМ шекарада биометриялық деректерді тапсыру міндетті процедураға айналатынын ескертті.

Егер саяхатшы суретке түсуден немесе саусақ іздерін сканерлеуден бас тартса, оған елге кіруге тыйым салынуы мүмкін.

Сондықтан қазақстандықтарға жаңа ережелермен алдын ала танысып, шекаралық бақылаудағы қосымша процедураларға дайын болу ұсынылады.

Еске салсақ, 10 сәуірде Шенген аймағының 29 елінде Еуропалық комиссия енгізген EES жүйесі толыққанды жұмыс істей бастады. Цифрлық бақылауға көшу еуропалық елдерге шетелдік азаматтардың болу мерзімін тиімді қадағалап, шекара қызметтерінің жұмысын жеделдетуге мүмкіндік береді деп күтіледі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу