Астана қаласында AMANAT орталық аппараты орналасқан ғимараттың маңдайшасы ауыстырылып, оның орнына «Әділет» атауы ілінді, деп хабарлайды Malim.kz Ulysmedia сайтына сілтеп.
Желіде осындай өзгерістер Қазақстанның өзге өңірлерінде де байқалып жатқаны хабарланды.
Айта кетейік, еліміздің партиялық тарихында мұндай жағдай бұрын да болған. 2006 жылы Асар партиясы Отан партиясына қосылып, соның негізінде Нұр Отан партиясы құрылған. Кейін бұл саяси ұйымның атауы AMANAT болып өзгертілген.
Қазіргі өзгерістердің нақты себебі әзірге ресми түрде түсіндірілген жоқ. Дегенмен жаңа маңдайшалардың орнатылуы қоғамда түрлі болжамдар мен пікірталастарға себеп болып отыр.
Айта кетейік, 12 маусым күні өткен Amanat партиясының съезінде «Әділет» партиясымен бірігу туралы шешім қабылданған болатын. Делегаттар бұл ұсынысты бірауыздан қолдап, қарсы дауыс берушілер болған жоқ.